ҚазАқпарат

Қызылорда қаласындағы Мұратбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында «Nissan Juke» автокөлігі мен скутер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Скутерді кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген, ол бірден ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.

«Қызылордада мопедтердің, электроскутерлердің және микромобильді көліктің басқа түрлерінің қозғалысына қатысты мәселе бар. Көбіне осы көлік түрлерін жүргізетін адамдар жол жүру ережесін бұзады, сол арқылы басқа жүргізушілерге және жолаушыларға қауіп төндіреді» дейді облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада өзіне сеніп тапсырылған 21 түйені сатып жіберген бақташы қолға түсті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!