Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген 2 күдіктіні қолға түсірді. ​

13 қараша күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері және Алматы облысы ПД-ң Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген​ Қызылорда облысының екі тұрғыны Алматыда құрықталды.

«Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3– бөлігінің 2-тармағы (атыс қаруын қолданып, жасалған бұзақылық) және 24 – бабы 3 – бөлігі мен 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары (бұзақылық ниетпен,алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен өлтіруге оқталған) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Ұсталған екі күдікті азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, полицейлер күдіктілерді Алматы қаласы, Турксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстаған. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау​ изоляторына қамаққа алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!