Ресейлік «Мултон» (Coca-Cola-ға еншілес) сусын өндіруші компаниясы Coca-Cola, Fanta және Schweppes атауларын өзгерту туралы шешім қабылдады. Олар «Добрый Cola», «Добрый Orange» және «Rich тоник» деп аталады. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазған.

Sprite нарықтан шығарылатыны хабарланған. Сусын Ресейде сұранысқа ие емес. Алайда ресейлік өндіруші жаңа дәмдерді қосады: Dushes, Cherry, Lemonade, Mango и Sib Travy. 

Телеарна мәліметінше, өнімдер осы күзде шығарыла бастайды. Классикалық сусындардың рецепті сақтала ма, жоқ па, белгісіз. Маусымда Coca-Cola Hellenic Bottling Company (HBC) Ресейде өз өнімдерін өндіруді және сатуды тоқтататынын жариялады.

Мултон Rich және «Добрый» шырындарын да шығарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!