Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев Қазақстан неге Ресейден қару-жарақты сатып алғанын түсіндірді.

«Қазақстандық әскердің қарулануы туралы айтатын болсақ, БАҚ-та кездесетін «кеңестік парадигма» туралы мәлімдеме ішінара ғана рас. Шынында да, Кеңес Одағы ыдырағаннан бері ондаған жыл өтті.

Қазақстанның Қарулы күштері бұрыннан өзіне ғана тән пішімінде дамып келеді. КСРО мен біздің елде геосаяси платформа мүлдем басқа. Біз ешкімді жау ретінде қарастырмаймыз және біздің әскери доктринамыз – қорғаныс.

Біздің әскерімізге кеңестік әскери-өнеркәсіптік кешеннен көптеген әскери техника мұра болып қалды. Ресейден әскери техника мен қару-жарақ сатып алсақ, тек олардың тактикалық–техникалық, пайдалану сипаттамаларына, сондай-ақ «баға – сапа» көрсеткішінің арақатынасына назар аударамыз», – деді министрдің орынбасары.

Руслан Шпекбаев Қазақстан әскерінің қару-жарақ қорында Аirbus Military өндірген С-295 әскери-көлік ұшақтары, Cobra брондалған дөңгелекті машиналары және Түркиядан келген оптика, радиоэлектрондық күрестің еуропалық кешендері, роботтандырылған жүйелер және басқа да көптеген қару-жарақ түрі бар екенін атап өтті.

«Қазақстан әскері жоғары дәлдіктегі қарумен белсенді жарақтандырылып жатыр. Израильдік Skylark барлау ұшақтары, қытайлық барлау және соққы жасайтын Wing Loong, түріктің қашықтан басқарылатын Anka ұшағы сатып алынды. Олардың барлығы біздің географиялық ерекшеліктерімізге сәйкес келеді», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!