Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес биыл Шиелі ауданының тұрыңдарына жоспардан тыс 1520 гектар қосымша жер дайындалып, 1390 отбасына үлестірілген. Оның ішінде 520 гектар жерге тамшылатып суару әдісі арқылы көкөніс, бақша дақылдары егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері сауда орындарында жасанды баға көтеру фактілерін болдырмау үшін азық-түлік жеткізуші кәсіпкерлер арасында бағаны ұстап тұру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Нұр», «Арсен», «Аян», «Қайсар», «Береке» және «Қазына» ірі сауда нысандарымен, тағы басқа дүкендермен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Бүгінде өнімдерге сұраныстың өсуі, өнім жетіспеушілігі байқалмайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!