Түркістан облысы денсаулық сақтау департаменті Шымкенттегі жарылыс кезінде туған күніне 18 күн ғана болған сәбидің қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар 8 адам жарақат алған.
«Жарылыс кезінде перинаталды орталықта 189 науқас пен 65 қызметкер болған. Қаза тапқандар: бір қызметкер (күзетші Бүркітбаев Ж., 1979 жылы туған), А. есімді әйел дүниеге әкелген сәби, салмағы 790 грамм, туғанына 18 күн болған. Сегіз адам жарақат алып, қалалық медицина орталығына жатқызылды», – делінген басқарма ұсынған хабарламада.
Қазір Шымкент полициясы Қылмыстық кодекстің 292-бабы, 2-бөлігі «Адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте дәріханада жарылыс болып, бір адам қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!