«Қазгидромет» РМК 26 маусымда күн райының бұзылуынан бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні 20 м/с дейін жетіп, күн күркірейді.Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 35-39 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады.Күндіз Ұлытау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі.
Өңірдің басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.Түнде Ақмола облысында найзағай, бұршақ, дауылды жел болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.Абай облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15 м/с жетеді.Күндіз Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с құрайды. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады.
Күндіз Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады.ТүндеҚостанай облысының батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық сақталады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!