Сот саласы үшін «Сот кабинеті» сервисі халық игілігі үшін жасалған сәтті электронды технологиялардың бірі.
«Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келгені сотқа келіп әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта үйде немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздырды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік алады.
«Сот кабинеті» сервисіне тіркелу үшін алдымен, халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлық қолтаңба алуы қажет. «Сот кабинеті» сервисіне тіркелген әрбір тұлға электронды құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы болып саналады.
«Сот кабинеті» – ол сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Бүгінде аталған сервис азаматтар мен заңды тұлғаларға кез-келген өздеріне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде электронды түрде талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі уақытта «Сот кабинеті» сервисін қолданушылар қатары күн санап артып келеді. Ұсынылатын қызмет түрлері де одан әрі жетілдіріліп, соған сәйкес жаңадан қызмет түрлері де қосылуда. Мәселен, қазіргі уақытта «Сот кабинеті» арқылы онлайн түрде татуласу қызметі іске қосылды. Аталған функционалды пайдалану оңай және сервисті пайдаланушыға беретін тиімді жақтары да бар, яғни ол екі тарапқа да қолайлы жағдайларда дауды сотсыз тез және тиімді шешіп, уақытты үнемдеуге, ұзақ сот процестеріне кететін моральдық және материалдық шығындарды да үнемдеуге болады.
Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, төрешілдік тосқауылдарды жояды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады, бұл сыбайлас жемқорлықтың орын алмауын қамтамасыз етіп, азаматтардың уақытын және қаражатын үнемдейді, сот жүйесінің жариялылығы мен қолжетімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады.
Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы М.Бекетова
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!