Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 83-бабында сот отырысы хатшысының негізгі міндеттері айқындалған.Сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, сондай-ақ сот отырысының аудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiк қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады.Сот отырысының хатшысы:1) өзi хаттамалауды қамтамасыз етуi қажеттi барлық уақытта сот отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз кетпеуге;2) хаттамада соттың әрекеттерi мен шешiмдерiн, соттың отырысына қатысушы барлық тұлғалардың өтiнiшхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, түсiнiктемелерiн, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға;3) сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгiленген мерзiмде дайындауға;4) төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;5) жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.3. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшiн жеке жауаптылықта болады.4. Сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сай келмейтiн мәлiметтердi енгiзген жағдайда, хатшы заңда көзделген жауаптылықта болады. Сондай-ақ, сот отырысының хатшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, облыстардағы, Астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы сот кеңселері туралы ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.Судьялардың қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөлді сот отырысының хатшысы атқарады. Сот отырысының хатшысы лауазымына жоғары заң білімі бар не мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақтылы лауазымның тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар болған жағдайда, заң мамандығы бойынша арнаулы-орта білімі бар адам тағайындалады.Сот отырысы хатшыларының жұмысы сырт көзге қарапайым әрі оңай болып көрінуі мүмкін. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтары мен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Ал, мұның барлығына жауапты сот отырысының хатшысы. Жалпы, судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты.

Қызылорда қаласының №2 сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Д.Жұбатханова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!