Бүгінгі күні заманауи технологиялардың қолданылуы соттарда қарқынды дамып, жүзеге асырылып жатқан қайталанбас жобалар, тың бастамалар нәтижесінде соттар жариялылық пен ашықтық жағдайда нәтижелі еңбек етуде.

Сот жұмысын сапалы ұйымдастыруда сот кеңсесі орасан рөл атқарады. Соттқа жүгінуші азаматтар тек сотқа талап қоюды жолдау мен сот процестеріне қатысу процесін ғана көреді. Алайда, сот процесін ұйымдастырудағы кеңсе жұмысы, яғни арыз-шағым, материалдар сот өндірісіне түскеннен бастап, судья қарауына ұсынылғанға дейінгі жұмыстар көзге көрінбей жатады. Айта кету керек, жаңа технологиялар кеңсе қызметінің жұмысын тиімді атқаруда, электронды сот төрелігі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жедел және тиімді қорғауға, сот төрелігін азаматтар үшін неғұрлым қолжетімді және ашық етуге айтарлықтай өз үлесін тигізді. Жаңа өзгерістер сотқа құжат тапсырудан бастап, шешім мен атқару парағын қолға алғанға дейінгі уақытты қамтыды. Атап айтқанда, электрондық сот істеріне ауысу, «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «SMS хабарлама» сервистері мен «Талдау» форумы, СALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне құрылғылары, бейнеконференция және «True Conf» мобильдік қосымшасы арқылы сот төрелігін жүзеге асыру, экс-аумақтық соттылық, роботтандыру элементтері бар «цифрлық сот талдауы».

Гибридтік почта – бұл электрондық құралды пайдалану арқылы алушыға жеіткізілетін қағаз почта.

Smart-Bridge – https://sb.egov.kz/. – платформасында ашық бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында сот актілеріне жедел қолжетімділік жөніндегі сервистен азаматтар «Сот актілерін іздеу», «Істің нәтижесін болжау», «Контрагенттерді тексеру» және «Талап арыздарының конструкторы» және т.б. қызметтерін жасау үшін пайдалана алады. Сот жүйесіне деген сенімді арттыру және оның жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын дамыту бойынша қадамдардың бірі «Сот кабинеті» сервисі, ал «Төрелік» жүйесі кез келген уақытта соттармен барынша ыңғайлы байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Соның арқасында құжаттарды қабылдау, талап қоюлар мен істерді автоматты түрде бөлу, сот талқылауы, шешімдер мен атқару құжаттарды беру секілді сот қызметінің барлық кезеңдері жылдам әрі сапалы атқарылып отыр.

Бүгінде азаматтар электронды сот төрелігін қаражат пен уақытты үнемдеудің кепілі деп біледі. Сонымен бірге, жаңа технология сот кеңсе жұмысының ашықтығын, жеделдігін арттырып, қағазбастылықтан арылуға көмегін тигізуде.

Сот жұмысын сапалы ұйымдастыруда соттарға мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетіліп отыр, сондықтан халықтың сот корпусынан күтетін сенімін ақтау үшін барлық күш-жігерімізді салып жұмыс істеуге міндеттіміз.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісі Р.Хизатова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!