Дауларды сотқа дейінгі тәртіпте шешудің тетіктерін жетілдіру,  қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету күн тәртібінен түскен емес.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 4-бабына сәйкес дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу азаматтық сот ісін жүргізудің міндеті ретінде нақтыланған.

Осы бағыт бойынша араздасқандарды табыстыру үшін машықтанған татуластырушы-судьялар жұмыс жасауда.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің талабына сәйкес судья соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы талап қою келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, ал татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қоюды қабылдауды он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Сот тараптарға татуласу рәсіміне қатысуға шақыру жіберіп, тараптардың татуласуына ықпал ету мақсатында шаралар қабылдайды.

         Судьяның татуластыру рәсімін жүргізу және сотқа дейінгі хаттама бойынша іс жүргізу әрекеттеріне толығырақ тоқтала өтсем:

Татуластырушы-судья бірінші талап қоюды қабылдау үшін құқықтық кедергілер болған кезде талап қоюды қабылдаудан бас тарту немесе қайтару туралы ұйғарым шығарады. Одан кейін, тараптарға талап қоюды қабылдау үшін негіз болған жағдайда сотқа талап қоюдың келіп түскені туралы хабарлайды. Сотқа дейінгі хаттаманы жасаудың тиімділігін түсіндіре отырып, тараптарға татуластыру рәсіміне қатысуға арналған келісімді жібереді. Сондай-ақ, азаматтық іс қозғау, істі сот талқылауына дайындау және қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарым шығарады. Азаматтық іс қозғалған кезден бастап келесі күннен кешіктірмей тараптарға шақыру жібереді. Сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласуды түсіндіріп, тараптардың пікірін нақтылайды. Ауызша өтініш АВФ арқылы тіркеледі немесе жазбаша өтініш талап етіледі. Сотқа дейінгі хаттаманың үлгісін ұсынып, оны жасау үшін мерзімін белгілейді. Тараптарды татуластыру рәсіміне, оның ішінде сотқа дейінгі хаттама жасай отырып медиаторды немесе өкілдерді шақыру құқығын түсіндіреді.

Егер тараптар 10 жұмыс күні ішінде сотқа дейінгі хаттама жасамай-ақ татуластыру рәсімдері шеңберінде келісімді бекіту туралы өтініш жасаса, азаматтық іс қозғау және оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады.

Сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып татуласқан жағдайда ұйғарым 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады. Келісімнің шарттарын заңға сәйкестігін және алдын ала сот отырысында үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзушылықтардың болмауын тексереді, оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

Тараптар келмеген не татуластыру рәсіміне қатысудан бас тартқан жағдайда, татуластыру рәсімінің сәтсіздігіне анықтамалық парақта көрсете отырып, қайта бөлу үшін 10 жұмыс күні өткенге дейін талап қоюды сот кеңсесіне береді.

Татуластыру рәсімінің сәтсіз аяқталғанын немесе тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы жасау туралы өз өтінішін 15 жұмыс күні өткенге дейін орындағанын көрсете отырып, талап қоюды сот кеңсесіне қайта бөлу үшін басқа судьяға береді. Сот оны қайтаруға немесе қабылдаудан бас тартуға құқылы, өйткені бұл мәселені судья 5 жұмыс күні ішінде шешеді.

Егер талап қоюды қабылдау үшін негіздер жоқ деп таныса, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату немесе талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылады.

Азаматтық процестік Кодекстің 16-тарауы аясында істі сот талқылауына дайындау бойынша іс жүргізу әрекеттері жүргізіледі.

Жаңақорған аудандық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Бақытжан Қалдыбаев

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!