Спортты қолдау - болашақты қолдау

11-12 сәуір аралығында екі күн бойы әйелдер күресінен өткен жарыс кеше өз мәресіне жетті. Чемпионат қорытындысы бойынша Сыр елінің нәзік те қайсар қыздары 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленді.

Аталған шараға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қатысып, Олимпиаданың күміс жүлдегері, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері, Лондондағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Садық Мұстафаев, облыстық күрес федерациясының басшысы Асхат Мамадахунов, Ақмола облыстық күрес федерациясының басшысы Ораз Шырақбаев, 4 дүркін әлем чемпионы ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұловпен кездесіп, өңіріміздегі спортты дамыту мүмкіндіктері мен оны жетілдіру жолдары туралы саралап, т.б спорт мәселелері төңірегінде ой-пікір алмасты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!