Мектеп оқушыларының жеке тұлға ретінде дамуына халықтық педагогаканың мұралары, ұлттық тәлім-тәрбие зор үлес қосады. Тәрбие үрдісінде халық педагогикасының тәлімдерін енгізу арқылы қаны да, жаны да таза, елін, жерін, тілін қастерлей алатын азамат дайындауға жол ашылады. Бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне халықтық педагогиканың тәлімдерін және әлемдік мәдениет құндылықтарын енгізу мәселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінен орын алады. Осы құндылықтар жаһандану жағдайында мәдени қарым-қатынас және ұлттық тәлім-тәрбие құралы болмақ.

Жеке тұлғаның дамуы оның әрекетінен  және басқа адамдармен ой алмасу, соңдай-ақ сана-сезімінің пісіп жетілу үрдістерінде өтеді.  Жеке тұлғаны әлеуметтендіру мектепте    атқаратын  іс-шараларда негізгі орын алады. Яғни, оқушының өмірге деген көзқарасын, адамзат мәдениетін меңгерту, қоғамдағы орнын еркін табуы, ұлтаралық мәдени қатынастарды меңгерту мектептің оқу-тәрбие жұмысынын негізі. Сондықтан біздің алдымыздағы негізгі міндет – білімді, тәрбиелі мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Білсек, мемлекеттің негізгі басымдығы – бала тәрбиесі – білімбі ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі ұстаздар қауымы тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.

Гүлзада Нұрмағанбетова,

И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей директорның

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!