Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен ауқымды есірткіге қарсы акциялар өтті. Іс-шаралардың басты мақсаты — жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Тәуелділіксіз болашақ: Есірткіге қарсы акциялар Қызылорда облысының мектеп оқушыларын біріктірді

Акциялар аясында өңірдегі білім беру ұйымдарында мазмұнды әрі әсерлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Есірткіге қарсы үгіт-насихат бригадалары өнер арқылы өз қатарластарына денсаулықтың қадірін, саналы таңдау жасаудың маңыздылығын және болашаққа жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізді. Шара барысында тақырыптық би және театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, әндер орындалды, әлеуметтік бейнероликтер ұсынылды, ақпараттық-түсіндірме материалдары таратылды.

Тәуелділіксіз болашақ: Есірткіге қарсы акциялар Қызылорда облысының мектеп оқушыларын біріктірді

Белсенділік танытқан қатысушылар мен ұжымдарға алғыс хаттар табысталып, олардың есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы еңбектері жоғары бағаланды.

Ұйымдастырылған іс-шараларға 1500-ден астам көрермен, ұйымдастырушы және қатысушы келді. Бұл атқарылып жатқан жұмыстың өзектілігі мен қоғамдық маңыздылығын айқындайды.

Тәуелділіксіз болашақ: Есірткіге қарсы акциялар Қызылорда облысының мектеп оқушыларын біріктірді

Ең үздік есірткіге қарсы акцияларды: Шиелі ауданының №49 орта мектебі, Қармақшы ауданының №№99, 144, 183, 30 орта мектептері және Қазалы ауданының №25 орта мектебінің оқушылары дайындады. Олар креативтілігімен, шынайылығымен және терең әлеуметтік мазмұнымен ерекшеленді.

Өткізілген акциялар жас ұрпақтың санасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстардың маңызды бөлігіне айналып, болашағын жарқын етіп көргісі келетін жастардың таңдауы — денсаулық пен жауапкершілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тәуелділіксіз болашақ: Есірткіге қарсы акциялар Қызылорда облысының мектеп оқушыларын біріктірді
Тәуелділіксіз болашақ: Есірткіге қарсы акциялар Қызылорда облысының мектеп оқушыларын біріктірді
Тәуелділіксіз болашақ: Есірткіге қарсы акциялар Қызылорда облысының мектеп оқушыларын біріктірді

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!