Атырауда темекі шеккен мектеп оқушыларының ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Атырауда бір топ оқушының мектеп ауласында электронды темекі тартқанын көрсететін бейнежазба тараған. Учаскелік инспекторлар оларды анықтап, ата-аналарының қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

«7 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-бөлігі («ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде электронды темекі тарту») бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!