ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесі тарихи қалыптасқан учаскелік коэффициенттерге негізделеді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. Олар, тіпті бір облыс шегінде де әртүрлі болады (бір облыста 4 коэффициентке дейін).
Осылайша бір өңірде қатар орналасқан кәсіпорындар мөлшері бойынша әртүрлі жалақы алып келді, бұл коэффициенті анағұрлым төмен еңбек ұжымдары тарапынан наразылық тудырды.
2021 жылы ҚТЖ коэффициенттерді теңестіру бойынша жұмыстарға кірісті және де биыл 30 маусымда Компания басқармасы коэффициенттің учаскелік түрінен облыстық түріне көшу туралы шешім қабылдады.
ҚТЖ жалақы төлеудің жаңа жүйесін 2022 жылғы 15 қазанда енгізеді. Бұл өзгеріс бір облыс аумағындағы төмен коэффициент бойынша жалақы алатын 68 мыңға жуық жұмысшыға қатысты болмақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!