Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде дәстүрге айналған сенбілік шарасы өтті. Кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны М. Тұрымбетовтың ұйымдастыруымен бұл шараға ерікті жалдамалы қызметкерлері қатысып, таңғы 09:00-ден бастап ғимарат алдында жиналып, дәрежелеріне қарамастан бір үйдің баласындай бірікті.
Күз айының алғашқы күндері мемеде қызмет атқаратын ұжымдастар бірлесіп, әкімшілік аумақты тазалады. Яғни, ер кісілер шөп жұлып, қоқыс қалдықтарын тазалап, шаң басылу үшін су сеуіп, сырлау мен айналысса, ал, әйел кісілер сыпырып, терезе сүрту жұмыстарын жасады.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген, ауызбіршілікпен атқарылған екі сағатқа созылған ұжымдық еңбек нәтежиесінде, тергеу мекемесінің аумағы мұнтаздай кейіпке еніп, қоқыс қалдықтарынан тазаланды.
Бүгінгідей сенбілік, туған жердің экологиялық жай-күйін ойлаған әрбір азаматтың парызы деп ойлаймын. Сондықтан қызметкерлеріміз сенбілікте белсенділік танытты. Өйткені таза аумақ салауатты өмір сүрудің кепілі болатыны анық. Алдағы апталарда ұжым тарапынан сенбіліктер ұймдастырылып, жалғасын табады- деді, мекеменің маманы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!