Қазақтың ұлы ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» – деген. Кешегі ұлылардың сенімін ақтап, тіл бірлігін жалғастыруда барлық күш-жігер, жауапкершілік алдымен бүгінгі жастарымызға түсетіндігі айдан анық.
Өз тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей. Өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап мәртебесін асырайық.
Тіл – тарихи құндылық, ұлттың жаны, әрі ары. Қазақ халқы қаншама қиын-қыстау кезеңін бастан өткерсе де, атадан мирас болып келе жатқан ана тілімізді қастерлеген. Бұл туралы Абай атамыз: «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар бәһрә ала алмас» – деп тіл құдіретін жырласа, өз заманында алаш арысы Ахмет Байтұрсынов: «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл», – деп, қаһарман Бауыржан Момышұлы: «Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері», – деген болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Еліміздің басты нышандарының бірі – мемлекеттік тіл. Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі екені Ата заңымызда 90-жылдардағы күрделі кезеңнің өзінде нақты жазылған. Біз тәуелсіздік дәуірінде ана тілімізді дамыту үшін барлық жағдайды жасадық… Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты… Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады…», – деп тіл мәртебесін республиканың әрбір азаматы жете түсіну қажеттігін айқындады.
«Қазақстан республикасындағы тіл туралы» заңының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлі, мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы» деп нақты көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабы  1-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп танылса да, осы баптың екінші тармағында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару орган­дарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылды», – деген.
ҚР АПК-нің 14-бабы азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа да тілдер қолданылады. 2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол Азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқыда белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Істі сот талқылауына дайындау сатысында екі тараптың жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы. Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындық барысында талап қоюшының оның өкілі талап қойған тілді меңгермегені анықталса, онда талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот іс жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады. 3. Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткіліксіз меңгерген іске қатысушы адамдарға өтініштер жасау, түсініктемелер мен айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде сөйлеу құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі; осы Кодексте белгіленген тәртіппен есту қабілеті нашар адамдар үшін аудармашының қызметтерін тегін пайдалану. 4. Азаматтық сот ісін жүргізуде сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарға заңға сәйкес қажетті іс материалдарының аудармасы тегін қамтамасыз етіледі. Іске қатысатын адамдарға сот сот келісімінің басқа тілде жүргізілетін бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударуды қамтамасыз етеді. 5. Іске қатысатын және сот ісін жүргізу тілін білмейтін адам істен бергені туралы жазбаша түрде мәлімдеген сот құжаттары оған ана тіліне немесе өзі меңгерген басқа тілге аудармада тапсырылады. 6. Істі сот талқылауына дайындау аяқталғаннан кейін сот ісін жүргізу тілінде дайындалмаған тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар ұсынатын құжаттарға сот ісін жүргізу тіліне аударма қоса берілуге тиіс.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Н.Ержанов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!