Жалағаш ауданындағы сауда дүкенінің алдында ауыл тұрғынына қарсы оқ атылған. Қазір жәбірленушіге дене жарақаты салынғаны анықталып отыр.

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

2022 жылдың шілде айының 03 жұлдызында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында орын алған дерек «Сотқа дейінгі тергеп–тексерудің бірыңғай тізіліміне» Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі таңда күдікті адам уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылып, қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, жан–жақты толық және обьективті тергеп–тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қылмыстық–процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа да дерек жариялауға жатпайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!