Қызылорда облысында жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж 37 087 баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлінген.

Сондай-ақ «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер тарапынан да көмектер берілуде.

Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов баяндады.

  • Науқан аясында 1754 бала қаржылай, 3 156 балаға оқу құралдары, 485 балаға мектеп формасы, 196 балаға аяқ киім алынды. «Самұрық-Қазына» Қорының бастамасымен 1 сыныпқа баратын 1830 оқушыға рюкзак пен кеңсе заттары табысталды. Мұнан өзге, «Ел-арай» Қорымен 500-ден астам балаға көмек көрсету жоспарлануда.
  • Бүгінде жеке мектептердің аз қамтылған отбасынан шыққан 2000- нан астам баланың мәселесін шешу қарастырылуда,-деді Бағдат Камбозұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!