Фото pexels

«Қазгидромет» 8 мамырға Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің кей бөлігінде 1-2 градус аяз болады деп болжанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің біраз аймағында найзағай, бұршақ, желдің күшеюі және тұман болады.

«Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ҚР көп бөлігінде найзағай болып, жаңбыр жауады. Елдің батысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Республиканың солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі мен дауыл батыста пен оңтүстікте болжануда. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Түнде Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде 1-2 градус аяз күтіледі.

Ал оңтүстікте, Қарағанды, Ұлытау облыстарының орталығында, Қызылорда, Түркістан облыстарының батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!