Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы бірлесе отырып 2023 жылғы 18 тамызда «Садақ ату» ұлттық спорт ойынынан сайыс ұйымдастырды.


Сайысқа облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттерден 35 жасқа дейінгі 20-дан астам жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.


Сайыстың негізгі мақсаты:
 Жас мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және ұдайы спортпен шұғылдануға шақыру;
 Ұлттық спорт ойындары түрлерін дамыту;
 Мемлекеттік органдар арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту;
 Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру.


Спорттық дода 3 кезеңде өтті.

Қатысушылар 5 жебеден атып, үздік көрсеткіш көрсеткен 8 қатысушы арасында жартылай финал, одан үздік шыққан 4 қатысушы финалдық бәсекеде бақтарын сынады.

Жарыс жеңімпаздарына алғыс хаттар мен дипломдар табысталды.


Айта кету керек, аталған сайыс аймағымыздағы жастар саясатын дамыту және жас мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық, ұлттық спортты дамыту бойынша «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» әлеуметтік жобасы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылды.

Бұл бағыттағы шаралар жоба аясында жыл соңына дейін жалғасын табатын болады. Алдағы уақытта, ораторлық шеберлік курстары мен тренингтер, түрлі акциялар, интеллектуалды сайыс пен слет өткізу жоспарлануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!