Балқаш қалалық мәслихат аппаратында қызмет ететін бойжеткен басшысы Рымкүл Жақыпбекованың үстінен шағым түсірді. Қыз бастығының қызметкерлерді өз мақсатына пайдаланғанына наразы болды: оны дүкенге азық-түлікке, банкке, коммуналдық қызметтерді төлеуге жіберген.

Сонымен қатар, Рымкүл Жақыпбекова қызметкерлерді күнде таңертең кеңсесіне келіп, сәлемдесуге мәжбүрлеген. Қыздың сөзін әріптестері де қолдаған.


Алайда Жақыпбекова өз кінәсін мойындамады. Ол Кеңес мүшелеріне интриганың құрбаны болғанын айтты.
Мемлекеттік қызметшінің айтуынша, мәслихаттың жаңа хатшысы Асхат Мүслімов қарамағындағыларды өзіне қарсы қойып отыр. Кеңесте депутат Мүслімов те болды, сондықтан аппарат басшысы өзінің барлық күдігін оның бетіне тікелей айтты.


Жақыпбекова оның қызметкерлерінің әрдайым сабырлы және бәріне риза болып жүргенін сөзге тиек етті. Егер олардың ойын бұзып, көндіріп қоймаса, өзіне ешқашан қарсы шықпайтынын айтты.


«Мәслихат хатшысы мәслихатымыз дамуы үшін бәрін жасауы керек, бірақ ол жұмысымызды құртты. Қаламыз кішкентай. Оның қандай адам екенін білеміз. Өз ұйымдарындағы қызметкерлерге де солай істейді. Кадрлық ауыс-түйіс көп. Ол мемлекеттік қызметте де осындай істеуге болады деп ойлайды. Бірақ бұл мүмкін емес. Мен оған бұл туралы айттым. Бұрын менің командамда бұлай болмаған. Менің ұжымым тату, жақсы болды. Мен 20 жылға жуық жұмыс істеп келемін. Ал олбарлығын маған қарсы қойды», – деді шенеунік.
Аппарат басшысы хатшыдан өзі үшін бірдеңе сатып алу үшін дүкенге барса ғана, кейбір өнімдерді сатып алуды сұрағанын мойындады. Күнделікті сәлемдесу рәсіміне келсек, шенеунік бұл деректі жоққа шығарды. Тек хатшы таңертең жұмыс барысымен таныстыру үшін кіретінін және сәйкессінше, сәлемдесетінін айтты.


Сондай-ақ сөз сөйлеуге Асхат Мүслімов шақырылды. Мәслихат хатшысы оның мемлекеттік қызметкер емес, кәсіпкер екенін еске салды. Кеңес мүшелерін ешқандай интрига ойластырмаймын деп сендірді.
Отырыс нәтижесінде Кеңес мүшелері Мүслімовке мемлекеттік қызметшінің Этика Кодексімен танысуға және өзінің көшбасшылық стилін түзетуге кеңес берді. Ал Рымкүл Жақыпбековаға қатаң сөгіс жарияланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!