Деректі Жетісу облыстық Білім басқармасы растады.
фото: © Sfgate.com
Жетісу облысында 3 оқушы жүкті болып қалды. Оқиға Панфилов, Сарқан аудандары және Текелі қаласында тіркелген, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жүкті болған қыздар – 9 және 10-сынып оқушылары. Мәселен, Панфилов ауданында жүкті болған қыз 9-сыныпта оқиды. Ал Сарқан ауданы мен Текелі қаласында екіқабат болған қыздар 10 сыныптың оқушысы.
ҚазАқпарат тілшісі анықтаған деректі Жетісу облыстық Білім басқармасы растады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!