фото: kzNews.kz

Алматы – Ташкент бағытындағы пойызда төтенше жағдай орын алып, жолсеріктің шапшаң әрекеті арқасында 9 жастағы бала аман қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

№001 «Алматы – Ташкент» жолаушылар пойызының жолсерігі Қуатбек Дауылбаев сапар барысында жағдайы күрт нашарлаған балаға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін құтқарып қалды.

Оқиға кезінде бала есінен танып, тыныс алуы қиындаған. Жолсерік баланың тілінің артқа кетуінің алдын алып, оның тыныс алу жолдарының ашық болуын қамтамасыз еткен. Бұл шұғыл әрі сауатты әрекет баланың өміріне тікелей әсер еткен.

Пойыз бастығы жедел түрде келесі станцияға жедел жәрдем шақырып, медициналық көмек көрсету процесін барынша жеделдетуге ықпал етті. Пойыз станцияға жеткенде дәрігерлер баланы қарсы алып, Ташкент қаласындағы ауруханаға жеткізген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!