Қазақстандық музыкант Иманбек “Құрмет” орденін алғаны үшін көпшіліктің сынына ұшыраған әріптесі Әли Оқаповты қолдап, Instagram желісінде жазба қалдырды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Жүлдеге мені лайық деп жазбаңыздар": Иманбек Әли Оқаповты қолдайтынын айтты

Иманбек соңғы орын алған келеңсіз жағдайларға қатысты өз пікірін білдіріп, Әли Оқаповты марапатқа лайық көретінін жеткізді. 

«Біздің досымыз, әріптесіміз Әли Оқапов «Құрмет» орденін алды. Оны шын жүректен құттықтаймын. Алайда оның тарапына көптеген сыни пікір айтылып жатыр. Мен олармен келіспеймін», – деді музыкант.

Оның сөзінше, барша өнер өкілдері, Әлидің өзі де тыңдармандарын қуанту үшін барын салады.

«Сол себепті оған жағымсыз пікірлер жазбауларыңызды сұраймын. Ол жүлдеге мені лайық деп жазбаңыздар. Керісінше, ол үшін қуанып, қолдауымызды білдірейік. Себебі, біз шығармашылық адамдары өз еліміздің мәдениетін көтеріп жатырмыз», – деп үндеу жасады Иманбек.

Еске салсақ, бұған дейін Әли Оқапов көпшіліктің сынынан кейін барлық марапатынан бас тартқаны туралы жазған болатынбыз. 

Бұл жағдайға қатысты ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева да пікір білдірген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!