Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінде қоқыс төгетін жүк көлігі екі оқушыны қағып кетті. Бір бала алған жарақатынан ауруханада қаза болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнында түсірілген видеоны оқиға куәгерлері Instagram желісінде жариялады. Кадрлардан бір баланың «Жаяу жүргіншілер өткелі» белгісінен бірнеше метр жерде қардың үстінде жатқанын көруге болады.
«Бұл жерде көліктер ағылып жатады. Оқушыларды қағып кетті, бағдаршам қою керек, әкімдік», – дейді видео авторы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!