Оқу-ағарту министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін лицензиялау институтын енгізу қажеттігін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Біздің қоғамда балабақшаларды лицензиялау мәселесі туды. Біз мектепке дейінгі білім беру саласындағы заң бұзушылықтарды естіп жүрміз. Бұл жаңа құрал емес екенін түсіну керек. Бұл 2011 жылға дейін болған, бірақ ол уақытта балаларды орынмен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болғандықтан, негізгі басымдықты мүмкіндігінше көп баланы қамтамасыз ету болды. 10 жыл ішінде біз бұл мақсатқа қол жеткіздік. Балалардың 99 пайызы балабақшамен қамтамасыз етілген. Енді сапа туралы айтатын кез келді», – деді.

Оның айтуынша, лицензиялауды қайтармас бұрын министрлік қолданыстағы заңнаманы қолданудың салдарын бағалап, жан-жақты талқылау жүргізу қажет. Сондай-ақ 2022, 2023 жылдары дайындық жұмыстары болады.

«Алаңдайтын ештеңе жоқ, лицензиялау 2024 жылы басталып, кезең-кезеңімен жүзеге асады деп болжап отырмын. Алдымен жаңа балабақшалар, содан кейін мемлекеттік аттестациядан екі рет те өтпегендер, тәуекел тобындағы мекемелер, содан кейін ғана қалғандары. Лицензиялау біліктілік талаптарынан өтеді: ең аз және ең қажетті», – деп атап өтті комитет төрағасы.

Мемлекет жекеменшік балабақшаларды жабу мақсатын көздеп отырған жоқ. Керісінше, негізгі біліктілік талаптарына сай келетін мекемелер кедергісіз жұмысын жалғастыратынын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!