2024 жылы студенттердің стипендиясы 50%-ға өседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы оқу жылынан бастап студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында стипендия 50%-ға өсті, ал 2024 жылы тағы 50%-ға арттыру көзделіп отыр, – деді министр.

Сонымен қатар колледжге кәсіби білікті педагогтер мен басшыларды тарту мақсатында өндірістен мамандарды шақыру шаралары қабылданып, оларға 35% үстемеақы тағайындалды.

Колледждерде жаңа өзгерістер көшбасшыларын қалыптастыру мақсатында кадрлық резервті жасақтау жұмыстары пысықталып жатыр. Білім беру саласын цифрландыру аясында осы жылдан бастап колледж түлектеріне QR-коды бар диплом беріле бастады. Оның түпнұсқасы eGovmobile мобильдік қосымшасында қолжетімді, – деп айтты Ғани Бейсембаев брифингте.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!