Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен, жастар ұйымдарының өкілдерімен, жас кәсіпкерлермен, жас ғалымдармен және белсенділермен Astana hub аумағында кездесу өткізді.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша, шара барысында қатысушылар жастар саясатын іске асыру мен оларды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуі жоспарланған түзетулер бойынша алдағы референдумның міндеттерін талқылады.

Е.Тоғжанов жастарды қолдау бағытында Үкімет бірқатар ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Мәселен, 2025 жылға дейін орта арнаулы кәсіптік білім беруді ақысыз ету жоспарланып отыр. Ондаған мың грант бөлінетін үздік халықаралық университеттер елімізде өз филиалдарын ашуда. Сондай-ақ, жас ғалымдарға да қолдау көрсетіледі. Үкімет жас ғалымдардың санын 50% – ға дейін арттыру міндетін қойды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!