1 қыркүйектен бастап студенттердің, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы өсті. Келесі жылы да қыркүйекте осындай өзгерістер бола ма? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.

«Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Келесі қыркүйектен бастап тағы 15%-20%-ке. Мақсатымыз – оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Ph-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығындағы орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазіргі таңда ұстаздардың жалақылары өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы», – деп түсіндірді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!