Ақтөбелік мұғалім алаяқтың құрбаны болды. Ол алаяқтың біліктілік арттыру туралы сертификат алып береміз деген сөзіне сеніп, 240 мың теңге берген. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: kostanews.kz 

Алаяқтардың алдауына түсіп қалған мұғалім Ақтөбедегі мектептердің бірінде жұмыс істейді.

«Оның  назарын интернет-қосымшалардың біріндегі біліктілікті арттыру орталығы оқусыз сертификат береді деген хабарландыру аударған.   Шарттары жәбірленушіге қолайлы болып көрініп, ол 240 мың теңге  аударды», – делінген хабарламада.

Алайда ол бұл құжатты сол күйі ала алмаған. Ақтөбелік мұғалім өзінің алданғанын түсінген. 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өз кінәсін мойындады.

Қазір оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!