Ақтөбелік мұғалім алаяқтың құрбаны болды. Ол алаяқтың біліктілік арттыру туралы сертификат алып береміз деген сөзіне сеніп, 240 мың теңге берген. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Фото: kostanews.kz
Алаяқтардың алдауына түсіп қалған мұғалім Ақтөбедегі мектептердің бірінде жұмыс істейді.
«Оның назарын интернет-қосымшалардың біріндегі біліктілікті арттыру орталығы оқусыз сертификат береді деген хабарландыру аударған. Шарттары жәбірленушіге қолайлы болып көрініп, ол 240 мың теңге аударды», – делінген хабарламада.
Алайда ол бұл құжатты сол күйі ала алмаған. Ақтөбелік мұғалім өзінің алданғанын түсінген.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының 30 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өз кінәсін мойындады.
Қазір оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!