Дидар Смағұловтың сөзінше, бастапқыда нысанның құрылысына 487 373 696 теңге бөлініпті. Алайда шенеуніктер негізге шартқа қосымша тағы 10 келісімшарт жасасып, құрылыс қажет қаржы сомасы 666 392 132 теңгеге дейін өскен. Ал құрылысты аяқтау мерзімі 2023 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылған. 

«Бассейнді «QazConstruction» ЖШС салған. Өзгелерді 1 күн кешіктіргені үшін жазаласа, мұнда бизнесті қорғап, оларға жағдай жасап отыр. Қазір осы қирандыға кем дегенде 209 814 132 теңге жұмсалды, бәлкім, бұдан да көп. Металлдан дайындалған конструкция екі жылдан бері ашық тұр, іргетасы қиар жатыр. Шығып тұрған арматурасы біреуді өлтіруі мүмкін. Не күзет, не қоршау жоқ», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Дидар Смағұлов бұл деректі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы өз бақылауына алғанын мәлімдеді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!