Соңғы қонырау!

Түлектер үшін соңғы қоңырау – олардың мектеп өмірінің аяқталып, жаңа кезеңнің басталуын білдіретін ерекше оқиға. Бұл ерекше сәт эмоцияға, қуаныш пен еркіндік сезіміне толы және белгісіз болашаққа қадам басуы.

Соңғы қоңырау мектеп өміріндегі символдық сәт. Көптеген елдерде бұл шара түрлі дәстүрлер мен рәсімдермен бірге жүреді. Мысалы, кейбір мектептерде оқушылар мен мұғалімдер жиналып, көктем мезгілімен қоштасады. Кейбір жағдайларда оқушылар арнайы дайындалған сахнада ән, би немесе спектакль қояды. Бұл олардың таланттарын көрсетуге және басқаларға ұмытылмас көңіл сыйлауға мүмкіндік береді.

Биыл Қазақстанда алғаш рет мектептерде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады. Жаңа ережеге сәйкес, ел мектептерінде оқу жылы 36 аптаға созылады.

Балалар мерекесімен тұспа-тұс келген соңғы қоңырау осы жылыда ерекше атап өтілді. Оқушылардың жүзінде қуанышқа толы көз жастары төгілуде. Дәстүр бойынша мектептердегі салтанатты жиынға, ұзақ жолды бағындырмаған есейген жас буынмен, бірінші сынып оқушылары да жиналды
Бүгін 166 мыңнан астам түлек мектеп қабырғасымен қоштасты. Түлектер үшін бұл күн өмірдегі ең маңызды күндердің бірі болмақ.

Қазақстанда бірінші рет мектептерде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылды. Болашақ өмірге қадам басқан түлек саны осы жылы 166 мың оқушыны қамтыды. Мектеп қабырғасында алаңсыз өмірдің рахатына бөленген жас түлектерді алдыда не күтіп тұр?
Әне-міне дегенше 11 жылды артқа тастап, кәмелетке толған оқушылардың қуанышында сөз жоқ, алайда оларды өмірдің үлкен бір сынағы күтіп тұрғанын ұмытпаған жөн. ҰБТ-ға дайындаламыз деп қанша уақытын, ақшасын сарп етіп дайындалғанымен іргетасы қаланбаған балаға 11 жылдық білімді үйрету қиынға соғары анық.
Тест нәтижелері болашақ студенттердің білімі мен дағдыларын объективті түрде көрсетеді. 2023 жылы тестілеу жүйесіне біраз өзгерістер, сондай-ақ қатар бірқатар мүмкіндіктер қосылды. Ағымдығы жылы түлектерге 88 мың грант берілді. Бұл дегеніміз 78 мың талапкердің оқу грантына түсе алмайтынын көрсетеді. 1-ші тестілеу сынағында 51 мың студент шектік 50 балға қол жеткізе алмаған.
Гранттың шамамен 60 %бөлігі инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген. Сол себепті қалаған мамандықты емес, грантқа түсу мүмкіндігі мол мамандық тандағаным дұрыс деушілердің саны көбейді.
Ата-ана қалтасына қатты соққан курстар құны қаншама десеңші.
“Мен алтын белгі үміткерімін. Осы жылы түлек болып мектеппен қоштастым. Алғашқы гран ҰБТ-сында тапсырып үлгірдім. Менің арманым кардиохирург болу еді бірақ, өкішінке орай 1 грант ҰБТ-дан 98 бал жинадым. Әрине, бұл өтте аз, оқуыма 350 мын жұмсаған анамды кейде аяймын”-деді Нағи Ильясов атындағы мектептің бітіруші түлегі Нұрай Сыдық.
Қалтадан соққан бұл шығынды әрбір отбасы көтере алмайтыны хақ, алайда балам жоғары білім алтыншы деген ата-аналар балаларының мүддесі үшін еш нәрсені аямайтынын осы сәтте аңғарамыз.

Айнұр Досжанова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!