12 маусым – барлық білім ордасында мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру күні.

Осы күні түлектердің қуанышына ортақтасқан облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова Қызылорда қаласындағы №218 орта мектепке барып, шәкірттерді құттықтап, игі тілегін арнады.

Білім ұясында биыл 16 оқушы 11 сыныпты аяқтап отыр. Оның 3-еуі «Алтын белгі» иегері. Оқушылардың барлығы Ұлттық тестке қатысып, жоғары балл иеленуде. Салтанатты шарада түлектер ән айтып, вальс биледі. Басқарма басшысы мектеп бітіру салтанатынан кейін білім ұясының жағдайымен танысып, сыныптарды аралап, ұстаздармен тілдесті.

Айта кетейік, аймақта биыл 7007 оқушы мектеп бітірді. Оның 597-і  «Алтын белгі» иегері атанса, 493-і Үздік аттестат иегері. Өңірде Ұлттық тесттен ең жоғары 137 ұпайды екі оқушы иеленді. Оның біреуі Қызылорда қаласының, екіншісі Сырдария ауданының түлегі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!