Мемлекет басшысы айқындап берген басымдықтардың бірі – мектеп инфрақұрылымындағы қор­даланған проблемаларды жою. Осы мақ­сатта кейінгі жеті жылда 1 300-ден астам жаңа мектеп салынды, апатты және үш ауысымды білім ошақтарының саны айтар­лық­тай азайып, материалдық-тех­ни­калық база жаңартылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прези­дент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясын­да ғана 2023–2025 жылдары бүкіл еліміз бойынша ең жоғары халықаралық стан­­дарт­тарға сәйкес келетін 217 мектеп салын­ды, – делінген мақалада.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне сәйкес, Қазақстан мұғалімдердің еңбек­ақы­­сымен қанағаттану деңгейі бойынша әлем елдерінің үздік бестігіне кіргеніне тоқталды. Егер 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті. Еліміздегі педа­­­гогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі тола­тынын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!