Шымкентте 10 жылдан бері бір орында тапжылмай басшылық қызмет атқарған 68 мектеп директоры мен 50 балабақша меңгерушісі жұмыс орнымен қош айтысты.

Енді олар қалалық білім басқармасы жанынан жасақталған арнайы комиссияның шешімімен қызметін өзге білім ұялары мен тәрбие ошақтарында жалғастыратын болды. Жалпы мегаполисте 150 мектеп болса, соның тең жартысының басшысы бір орнында тапжылмай отырған.

Ротация білім беру ұйымдарының жұмысын жандандыру, ондағы сыбайластықтың алдын алу мақсатында жүргізіліп отыр. Ротацияланған басшыларға командалық құраммен жаңа жұмыс орнына ауысыға тиым салынған.

«Ратацияланған мекемелерде ротациялау комиссиясының шешіміне сəйкес ешқандай кадр өзімен бірге басқа мекемеге алып кету сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ротациялау хаттамасына осы тармақты нақты көрсетіп жаздық», – дейді Шымкент қаласы білім басқармасының бас маманы Айткүл Оспанова. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!