Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы

ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев биыл қанша адам ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылғанын және олардың алдағы уақытта не істейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Руслан Емелбаев биыл 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинағанын айтты. Бұл – тексерілгендердің жалпы санының шамамен 83%-ы.

«Министрлік жоғары оқу орындарына дарынды және білімді жастарды тартуға мүдделі. Сондықтан ҰБТ өткізу кезінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету біз үшін өзекті болып қала береді. Осы мақсатта «бір компьютер – екі камера – бір тестілеуші» қағидасы сақталған. Егер бұрын тестілеу барысы әр компьютердің үстінде орналасқан бір камера арқылы ғана бақыланса, енді тұлғаны анықтауға және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші алдыңғы камера орнатылды», – деп түсіндірді спикер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!