Фото: видеодан алынған кадр
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде бастау алған «Күміс университет» жобасы аясында 70-ке жуық егде жастағы тыңдаушылар тегін курстар бойынша білім алуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олардың қатарында 83 жастағы Зауза Молдабекова да бар. Зауза Молдабекова ағылшын тілі және цифрлық сауаттылық курсына қатысып жүр. Ең ересек студент курс туралы әлеуметтік желілердегі хабарлама арқылы білген.
Курс жайында хабарламаны оқығанда қатты қуандым. Бұл бізге беріліп жатқан үлкен қолдау. Ақпараттық технологияларды меңгеру, тіл үйрену – заман талабы. Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін халықтың сауатты әрі денсаулығының мықты болуы маңызды. Оқытушыларға ризамын, білмегенімізді үйретіп, түсіндіруден жалыққан емес. Сауаттылықтың өзі өзара сөйлескеннен, сұрап білгеннен басталады. Осындай мүмкіндік берген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, университет ұжымына алғысымыз шексіз, – дейді ол.
Зауза Молдабекова 30 жыл бойы Ақтөбе облысы Темір ауданында дәрігер болып қызмет атқарған. І дәрежелі терапевт, «Құрмет белгісі» орденінің иегері.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!