Ұстаздық – жай ғана  мамандық емес.  Ол – адамға бағдар  беруші.  Ұстаз ‒  келешек ұрпақтың сәулетшісі. Сол үшін хакім Абай «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп айтқан.

Оқушыға белгілі бір дәрежеде  білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті.  Сабақ  барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбекке баулу, жалпы оқушы бойына  жауапкершілік сезімін қалыптастыру,  ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге  қойылатын  басты  талап.

 Шығармашылық – бүкіл  болмыстың,   қозғалыстың,  дамудың  көзі. Өз  бетімен  орындалатын  ізденіс  оқушылардың   танымдық  қызығушылығын  арттырады.  Өз  бетімен  жұмыс  істеуге дағдыланып, шеберлігі  шыңдалады,  жауапкершілігі  артып,  өзіне-өзі   баға   береді, жаңалыққа   ұмтылады. Оқушылардың  қиялы  жүйрік,  жан  дүниесі  нәзік,  қабілетті  болып  келеді.  Сол  қабілетті  дамытудың  негізгі  шарты – табандылық. Табанды  болмай,  ізденістің  болуы  мүмкін   емес. Оқушы   бойында  да  осы  қасиетті  дамыту  қажет. Сонда  ғана   еңбекке  шығармашылықпен  қарау  қалыптасады. Балаға  сеніммен  қарау,  оның  кішкентай  жетістігі  болса да  жоғары   бағалап,   мадақтау  оқушыға  жігер  сыйлайды.  

     Жақсылыққа   бастайтын  сара   жол – білім.  «Надан  жұрттың  күні қараң,  келешегі  тұман» деп  Міржақып Дулатов  айтқандай,  егеменді  ел  тірегі білімді  ұрпақ қолында.   Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға,  үйренуге деген ықыласын, сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру,  өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу,  оқушы бойына жауапкершілік сезімін қалыптастыру – ұстаздың өзіне міндеттеп алған ізгі ісі. Педагогикалық  ұстаным – жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, биік мақсатқа жетелеу.   

Л.ОРЫНБАЙ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!