37 жастағы отағасы мұндай қылмысқа не үшін барғанын қазір полицейлер тергеп-тексеруде, – деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл жағдайдан соң білім ошағының басшысы жұмыстан қуылыпты. Ол мектеп директоры қызметіне биыл сәуірде тағайындалған екен. Оған дейін 15 жыл мемлекеттік қызметте еңбек еткен.
Отбасы жағдайы дұрыс, білікті маман деп танитынбыз. Білім беру бөлімінің бұйрығымен 6 күні жұмыстан босатылды, – деп хабарлайды облыстық Білім басқармасындағылар.
Полицияның мәліметінше, оқиға Шалқар ауданының Жаңақоңыс ауылында болған. Күдікті азамат әріптестерімен бірге кәсіби мерекені тойлап, үйіне ащы судан ұрттап келген. Қолына не себептен суық қару алғаны белгісіз. Түн ішінде ер кісі әйелі мен 8 жасар қызына бірнеше рет пышақ жұмсапты.
«Қылмыстық кодекстің 99 бабы, яғни адам өлтіруге оқталу бойынша іс қозғалып тергеу жүріп жатыр. Күдікті екі айға қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты таратылмайды»,-деп хабарлайды облыстық ПД.
Қазір күдікті өзінің әрекетіне байланысты түсінік беріп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!