Соңғы күндері әлеуметтік желіде сүйінші сұраған жұрт көп. Оның басты себебі – ЖОО-ға грант иегерлерінің тізімі жариялануы. Ата-анасы баласының, ұстазы шәкіртінің сенімді ақтағанын айтып, қуанышымен бөлісіп жатыр. Ал біздің кейіпкеріміз  сәуір айында әлемнің 20 жоғарғы оқу орынынан шақырту алған. Ал мұны танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаев сүйіншілеген еді.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауылының тумасы Азизхан Аяна 2004 жылы қаңтарда дүниеге келген. Ол осы ауылдағы М.Жұмабаев атын­дағы мектеп-лицейде білім алып, 11 сыныпты IQanat High School of Burabay мекте­бінде білімін шыңдаған. Айта кетейік, бұл мектеп 2020 жы­лы ашылған және Абай идеясына негізделген. Онда тек ауылдық жерлерден келген 10-11 сыныптарда оқитын 200 дарынды оқушыға арналған IQanat олимпиадасының рес­публикалық кезеңінің финалис­тері білім алады. 

Азизхан Аяна білімге де­ген құштарлығы отбасы мүше­ле­рінің және мектеп мұғалім­де­рінің арқасында пайда бол­ға­нын айтады.

– Бала кезімнен екі әпкеме қарап өстім. Олар оқуда озат еді, ЖОО-ны да қызылға тә­мам­дады. Анамның мұғалім бол­ғаны да өз әсерін берген шы­ғар, өйткені мен әдеби шы­ғар­маларды көп оқитынмын. Ағыл­шын тілі, математика жә­не география пәндерін сү­йіп оқыдым. Көптеген жа­рыс­тарға, олимпиадаларға қа­ты­­сатынмын, отбасымның қолдауы көп көмектесті. Біліммен қатар спортты да сүйемін. Ауыл­да жүргенімде волейболға қатысатынмын, екінші разряд­тағы спортшы атандым. Жам­был облысында мектептер арасындағы жарыста біздің коман­да үшінші орынға ие бол­ды. Волонтерлікпен де айна­лыс­тым, – дейді.

Аяна әлемнің 20 жоғарғы оқу орнынан қалай шақырту ал­ғанын түсіндірді.

– Ауылда оқып жүргенімде болашақта жоғарғы оқу ор­нын шетелде оқу деген ар­ман ғана еді, мүмкіндік аз бо­латын. Ал осы мектепке келген соң мүмкіндіктер өздігі­нен ашыла берді. Жалпы ше­телдік университтерден ша­қыр­ту алу оңай шаруа емес. Жұрт оған екі-үш жыл бойы дайындалады, ал бізде небары бір айға жуық уақыт болады. Бірінші семестр аяқталған тұста біз халықаралық SAT дайындық группасына іріктеу­ден өтіп, халықаралық тест­ тапсырдық. Сосын арна­йы сайт арқылы әлемдік универ­си­теттерге өз атымыздан өті­ніштер жібере бастадық. Ша­ма­мен 35-ке жуық универ­си­тетке өтініш жібердім, олар­дың жауабы сәуір-мамыр айында келетін болды, кей­бі­реуі жазда белгілі болады деді. Сәуір соңында мен 20 уни­вер­ситеттен шақырту ал­дым. Әртүрлі елден және әр­түрлі шартпен. Мысалы, өзім қалаған АҚШ университетінің қаржыландыруы толық емес болды, Түркия, Ресей уни­вер­си­теттерінен жақсы ұсы­ныс­тар болды. Еуропа елде­рі­нен Литваның Каунас қала­сындағы Vytautas Magnus University ЖОО-ның шарт­та­ры маған қатты ұнады. Осы­лай­ша мен еуропалық уни­вер­ситеттің студенті атан­дым, алдағы жылдары эко­но­мика-қаржы саласында білі­мім­ді шыңдайтын боламын. Бұйыр­са, 26 тамызда Литваға ұша­мын. Шетелде оқып жүрген Қазақ­стан азаматтарын кө­ріп риза болатынмын. Енді өзім­де солардың қатарына қосыл­ғаныма қатты қуанып жүрмін. Болашақта арманым – осы өзім оқыған IQanat мектебінің бір меценаты болсам деймін. Өйткені біз осы мектептің бірінші түлегіміз және есімде­ріміз тасқа қашалып жазылды. Сол жерде мен оқытқан оқушы­ның да есімі жазылса деймін. Әлеуметтік экономика деген ауқымды сала бар, осы бағытта Қазақстанда айтарлықтай өз үлесімді қосқым келеді. Жал­пы меніңше, жетістікке же­ту үшін мынадай үш сөзді ай­тар ем: амбиция, ашықтық жә­не табандылық (әр жабық есік­ті соғып, өз мүмкіндігіңді жібер­меу керек), – дейді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!