Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Геннадьевна Белоусова әлемнің үздік мұғалімі анықталатын байқау өтіп жатқан Дубай қаласында жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

«24kz» телеарнасының хабарлауынша, жеңімпазға 1 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Жеңімпаздың есімі бүгін, 4 ақпанда жарияланады.

«Менің мұғалім ретіндегі миссиям тек өз мектебім мен сыныбымның шеңберімен шектелмейді, ол халықаралық деңгейдегі мойындауға ұласады. Әлемнің 50 үздік мұғалімінің қатарына енуім — менің еңбегімнің маңызды әрі заңды нәтижесі», – деді қазақстандық ұстаз.

Сондай-ақ ол өзін еліміздің Президенті құттықтағанын ерекше маңызды, жүрекке жылы, толқытарлық жағдай ретінде бағалайтынын атап өтті.

Бұған дейін біз оның Global Teacher Prize халықаралық байқауында қалай биік нәтижеге қол жеткізгені туралы жан-жақты баяндаған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!