Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және технологиялар жөніндегі кеңесшісі, ғылымда өзіндік қолтаңбасы бар ғалым Күнсұлу Дальтонқызы жаһанның ТОП ғалымдары қатарына енді.

International Woman’s Day (IWD) жаһандық бастамасы вакцина жасайтын ғалым әйелдердің тізімін ұсынды.

Ұйымның сараптауынша, Сара Гилберт (AstraZeneca), Катрин Янее (Pfizer), Кизмекия Корбе (Moderna), Елена Смолярчук (SputnikV), Сумати Кей (Covaxin India), Хэнеке Шутмэкер (Johnson&Johnson) және Озлем Туречи (BioNTech) пандемиямен күресуге зор үлесін қосқан. Бұл туралы Techcollectivesea басылымы жариялады.

Солардың қатарында елімізде дайындалған QazVac (QazCovid-in) вакцинасы тазартылған, концентрацияланған, белсенділігі жойылған вакцина болып табылады. Бұл екпені әзірлеу технологиясы әбден екшелген, барлық компоненттері сенімді. Сондай-ақ оның тиімділігі зерттеулер мен қолдану тәжірибесіне сәйкес 90%-дан жоғары. Ғалымдардың ерен еңбегі осылайша әлемдік деңгейде топ жарып отыр.

А.Нұртайқызы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!