Аталған жекеменшік балабақша биыл көктемде ашылыпты. Ол 50 орынға есептелген.

Ақтаудағы балабақшалардың бірінде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарап жатыр. Мұнда кейбір балалар төсекте емес, еденде ұйықтаған. Сондай-ақ бір төсекке бірнеше адамды жатқызылған, – деп хабарлайды Lada.kz сайты.

Облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, бұл мәжбүрлі түрде жасалған.

«Балабақша әкімшілігі түсіндіргендей, бұл шара мәжбүрлі түрде жасалған. Мәселен, биыл 5 қыркүйекте балаларды ұйықтатар алдында тәрбиеші жатын бөлмедегі 3 кереуеттің сынып қалғанын анықтады. Балалардың қауіпсіздігі үшін оларды басқа жерге қоюға мәжбүр болған. Сынған жиһаздар сол күні жаңасына ауыстырылды»,– делінген хабарламада.

aikyn.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!