Нұр-Сұлтанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен білім беру жүйесін қайта форматтау және экономиканың қажеттіліктеріне сай кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» әзірленіп, ол 2020 жылы бекітілді. Құжат 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасына енгізілген және еңбек нарығы мен кәсіби стандарттарды болжауға негіз болып табылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!