Ел мектептерінде кадр жетіспеушілігі жыл өткен сайын артып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Data HUB мәліметінше, былтырғы оқу жылында қазақстандық мектептерде 369,7 мың мұғалім жұмыс істеген. Ал мектеп оқушыларының саны 3,6 млн-ға жетті.

«СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА ОҚУШЫЛАР САНЫ 13 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ», – ДЕЙДІ САРАПШЫЛАР.

Бұл өз кезегінде мектептерде маман тапшылығын арттыра түскен.

«2000-2001 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІР МҰҒАЛІМГЕ 127 БАЛАДАН, 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛДАРЫНДА 195 БАЛАДАН КЕЛГЕН. АЛ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІР МҰҒАЛІМГЕ 455 БАЛАДАН КЕЛГЕН!» — ДЕЙДІ ЗЕРТТЕУ АВТОРЛАРЫ.

Бұған 6 жыл ішінде мектеп оқушылары санының 800 мыңға артқаны себеп болып отыр. Сарапшылар осы уақыт ішінде елімізде небәрі 49 мектеп салынғанын атап өткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!