Оқу-ағарту министрлігі 1-сынып оқушылары тек ана тілінде білім алатынын мәлімдеді.

Бұл шешімді белді депутаттардың өзі де қолдап отыр.

Олардың пікірінше, басқа мемлекеттерде ең алдымен бала миына ана тілін жетік меңгертеді.

Миы әлі қалыптаспаған кішкентай ғана 6-7 жастағы баладан бірден ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын тілін оқыту бірде-бір мемлекетте жоқ. Мен әлемнің бүкіл дамыған мемлекеттерінің білім жүйесін қарап көрдім. Соның ішінде екі тілді 1-сыныптан оқытатын екі-ақ ел бар екен. 2-сыныптан оқытатын 4 мемлекет бар, — дейді сенатор Мұрат Бахтиярұлы.

Ана тілінің сөйлеу әрекетін 1-2 сыныптың соңында меңгеріп бітеді. Сол кезде бала ана тілінің төл сөйлеу әрекетін біледі. Өз жасының деңгейінде меңгереді деп айта аламыз. Осылайша шет тілін 3-сыныптан бастап енгізген дұрыс, — дейді тілтанушы ғалым Таңат Аяпова.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!