Шет тілі – үлкен тәрбиелік диапазон. Ол оқушылардың жан дүниесін байытады, ой-өрісі мен көркемдік талғамын кеңейтеді, достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқудың алғашқы кезіңде оқушы тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, ол бара-бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әртүрлі қиындықтарға кездеседі. Ал бұған мұғалім дер кезінде көмектесе алмайды. Демек оқушы үшін тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Бұдан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы шығып кетуге болады. Ол үшін мұғаліммен бірге оқушы да ойынның шартын, ережесін меңгеруі тиіс. Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Осы тәсілді дұрыс қолданып өткізілген сабақта оқушының шет тілін үйренуге деген ықыласы, сол тілде сөйлеп үйренуге деген қабілеті артып, тілді жақсы меңгеруге қызығады. Зерттеу жұмыстарына қарағанда оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен ынтаны қажет етеді. Сондықтан сабақ процесінде танымдық қызығушылық пайда болады.
Бастауыш кезең оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығушылық басым. Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді. Студенттер тәжірибе жинақтау барысында кәсіби санасы жетіліп, елжандылық рухы, сана-сезімі жетіліп, даралық қабілеттері де даму үстінде болады.
Педагогикалық технологиялар арқылы ағылшын тілі пәнін меңгертуде мынадай түйінді мәселелер өз шешімін табады. Олар ағылшын студенттің тілді тереңірек танып-білуіне, өз ойын ағылшын тілінде еркін білдіруге қажетті дағдыларды игеруіне оң ықпал етеді. Практикалық бағытына басымдық берілетіндіктен студенттің білімді өмірде қолданудың маңызы жайында түсінігі дамиды, ақпараттық мәдениеті қалыптасады, студенттер проблемаларды ынтымақтастықта шешу қажеттілігін түсінеді. Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің тапсырмасы балаларды ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылық­тарын дамытуға жол салды. Балаларды тілге үйретуде сабақ жеңіл, қарапайым және қызықты болуы қажет, ол үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс пайдалана білу керек. Бастапқы кезде хормен, жұппен, топпен жұмыс істеп, сонымен бірге ойын, жарыс ұйымдастырып, көрнекі құралдарды пайдалану қажет. Бастауыш сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет болса, жоғары сынып оқушыларына мәдени-рухани құндылықтармен байланыстыра жеткізген тиімді.

Гүлмира ШАМШАДИН,
Арал ауданы, Үкілісай ауылы №265 негізгі мектептің
ағылшын пәнінің мұғалімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!